Қарағанды облысында барымташылар ұсталды. Екі ұйымдасқан қылмыстық топ елдің малын өрісте жүргенде сойып алып, тайып отырған. Алғашқы топ Ақсу-Аюлыға кіре беріс жолда қолға түсті. Полиция қызметкерлері Audi көлігін тоқтатады. Оның рөлінде Шет ауданының 31 жастағы тұрғыны отырған. Ал тексеріс кезінде жүк салғыштан ірі қара малдың мүшеленген тұтас еті табылады. Қылмыс үстінде ұсталған жүргізуші мен жолаушы біреудің малын сойып әкеле жатқандарын мойындаған. Ал екінші топ Ақтоғай ауданы жақта құрықталды. 35 жастағы ауыл тұрғынының «Volkswagen Passat» көлігінен 3 бұзау табылыпты. Бұл екі факт бойынша жалпы шығын көлемі 710 мың теңгені құрады.
Бақытжан Құдияров-облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі
«Аталған факт бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 188 басбы 2 тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталғандардың қылмысқа бар-жоғы тексерілуде».
kapligroz | 01.03.2017
Дежурный Редактор | 05.12.2025
Дежурный Редактор | 05.12.2025
Дежурный Редактор | 04.12.2025
Телеканал "Оркен- Media" Балхаш © 2017 Все права защищены.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login