Балқаш мерейтойында спортшылар 800 мың теңге ұтысқа таласты

Балқаштың мерейтойында спортшылар 800 мың теңге ұтысқа таласты. Қаланың 80 жылдығына орай көл жағалауында 50- ден аса спортшы қазақша күрес, армрестлинг және гір тасын көтеруден күш сынасты.
Қазақша күреске балқаштық балуандардан бөлек Қарағанды қаласынан және Жаңаарқа, Шет аудандары мен Ағадыр кентінен де спортшылар келген. 21 қатысушының барлығының салмағы 80-нен жоғары. Боз кілемдегі жарыста жаңаарқалықтар қарсыластарына дес бермеді. І орын 250 мың теңге ақшалай сыйлықты 21 жастағы Ақжігіт Оралов ұтып алды. Ал ІІ және ІІІ орын 150 мың, 100 мың теңгені тағы екі жаңаарқалық Бекзат Ахметбеков пен Қайрат Абзалов бөлісті.

Қол күрестен 18 қатысушының арасынан балқаштық жаттықтырушы Александр Зеленин жеңіп, 50 мың теңге ақшалай сыйлыққа ие болды. Ал гір тасын көтеруден қалған 9 қатысушыны артқа тастап, гір тасын 46 рет көтерген самбодан спорт шеберлігіне үміткер Жалел Баталов жеңді. Қос спорт түрінен ІІ орын алғандарға 30 мың теңге, ал қола жүлдегерлерге 20 мың теңге берілді.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture