Балқаш ЖЭО жылу беру маусымына дайын

Аязды күндердің келуіне санаулы уақыт қалды. Бірақ оған қалалық жылу электр станциясы дайынбыз дейді. Бүгінгі күні шаһарға 250 мың тонна көмір әкелінді. Бұл бастапқы қазан, қараша айларында ғана жағуға жетеді. Сондықтан қыс бойы отындар үздіксіз жеткізілмек. Жоспар бойынша қоймаға әлі 570 мың тонна көмір түсірілетін болады. Ал қазіргі күні қорда 930 тоннадай мазут бар болғанымен, тағыда 600тоннаға көбеймек.

Валерий Истомин- Қалалық жылу электр станциясының директоры
«Қыстық маусымға дайындық жұмыстарының соңғы кезеңдері қалды. Бүгінгі күні нөмір 6 қазандық пен трубинаны жөндеп жатырмыз. Барлығын 30 қыркүйекке дейін аяқтайтын боламыз. Жылу таратуға станция дайын. Құжаттарды облыстық бақылауға жібердік.»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture