Жаңа қазақ әліпбиінде 25 әріп болады. Бүгін парламентте депутаттарға қолданысқа енетін латын әріптері таныстырылды. Әліпбидің сан түрін жазып шыққан авторлар, қазақ тілінің дыбыстық жүйесін толықтай сақтап қалу үшін диграф жүйесін қолданған. Яғни Ә, Ө, Ү, Ң, Ғ, Ч, Ш секілді 8 әріпті латынша жазу үшін қосымша дыбыстар қолданылады. Мамандар жаңа әліпбиді құрастыруға 2 жылдан астам уақыт жұмсады.
Жаңа қазақ әліпбиінің жобасы, диграфтар
| № | латын белгісі | дыбыс | мысалы |
| 1 | Ae/ae | Әә | aelem |
| 2 | Oe/oe | Өө | oerken |
| 3 | Ue/ue | Үү | uekimet |
| 4 | Ng/ng | Ңң | tangba |
| 5 | Gh/gh | Ғғ | ghylym |
| 6 | Ch/ch | Чч | chempion |
| 7 | Sh/sh | Шш | shyndyg |
| 8 | Zh/zh | Жж | zhazw |
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login