Балқаштықтар ағылшын және қазақ тілдерін тегін меңгере алады. Қалалық тілдер орталығы жаңа курсқа қабылдауды бастады. Білікті мамандар бір аптадан соң мемлекеттік және ағылшын тілін үйретуге кіріседі. Жалпы, жыл басынан бері қазақ тілін 185 балқаштық меңгеріп, 140 тұрғын ағылшын тілінің қосымша сабағынан өтті. Енді жаңа оқу крусында Қазақмыс Корпорация, қалалық мұражай мен мұрағат, № 3 мектеп қызметкерлері мен мемлекеттік саланың мамандары білім алуға ниетті. Ал егер, сізде осы қатардан көрініп, ағылшын,қазақ тілдерін тегін меңгеремін десеңіз қапы қалмаңыз. Тек қалалық тілдер орталығына өтініш берсеңіз болғаны. Барлық сұрақтар бойынша 4-69-30; 4-98-11 телефон нөміріне хабарласуға болады.
Гүлбану Саутбаева- қалалық тілдер орталығының әдіскері
«Тілдер орталығы үшінші оқу кезеңін бастайды. Соған қала тұрғындарын шақырамыз.Біз ағылшын және қазақ тілінде оқу жүргіземіз.Қазір жоспар бойынша қазақ тілінен қала мекемелері арасында келісім-шарттарға қол қою жұмыстары жжүргізіліп жатыр».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login