Биылғы оқу жылынан бастап 2-ші, 5-ші және 7 — сынып оқушылары жаңа бағдарламаға сәйкес білім алады. Бұл үш сынып 5 күн оқып, үй жұмыстарын аз жасайтын болады. Үйреніп-білгендері бағамен емес, ұпай бойынша есептелінеді. Оның барлығын электронды журнал шығарады.
№16 мектептің спорт залы уақытша кітапханаға айналды. Бұл жерге 56 мың жаңа кітап пен оқу-әдістемелік кешендер жеткізілді. Себебі, биылдан бастап 2, 5, 7 — сынып оқушылары жаңартылған мазмұнда білім алатын болады. Енді тағы 58 мың оқулық жеткізіліп, мектептер мен оқушыларға таратылады.
Білім саласындағы өзгерістерге орай кейбір пәндер біріктірілді. Технология мен суреттің қосындысынан -көркемдік еңбек атты пән енгізілді. Сондай-ақ бұрын Абайтану факультеті 9 — сыныпта өткізілсе, енді ол қосымша 5 пен 6 сыныптан басталады. Балалар тарих пен қазақ әдебиеті сабақтарында өлкетануды үйренеді.
Жаңа пәндермен қоса, жаңа ережелер орын алды. 2, 5, 7 — сынып оқушылары 5 күндік жүйеге көшеді. Былтыр бұл тәртіп 1 — сыныптағыларға тиісті болса, келер жылы 3,6,8 — сыныптағы оқушылар сенбі, жексенбі күндері демалмақ. Осыған сәйкес үй жұмысы да азайды. Бірақ, бестік баға үшін біраз тер төгуге тура келеді.
Асия Бектұрғанова – Қалалық білім бөлімінің методикалық кабинет жетекшісі
« 5-7 критериалды бағалау жүйесі, мұның мазмұны тақырыптағы тоқсанның аяғында тек қана 5 балды жүйе бойынша бағасын алмай, олар әрбір тақырып бойынша қорытынды тақырыптарда балл жинайды. Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды міндет ол оқушыға тек қана бағасын қоймай, тақырыпты оқыған кезде, тоқсандық жұмыс орындаған кезде, ол баланың өз қателіктерін, кемшіліктерімен жұмыс істеу».
Сондай-ақ биыл алғашқы қоңырау 2 қыркүйекте сыңғырламақ. Өйткені, білім күні құрбан айтқа тұспа-тұс келіп тұр. Видео
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login