Балқашта бала туу көрсеткіші көбейгенімен, өлім де азаяр емес. Жыл соңына дейін қалалық ауруханада жаңа МРТ аппараты пайда болмақ. Онымен қоса, инсульттік орталық та ашылмақ. Осындай жоспарлармен қала әкімі бүгін есеп беру кезінде бөлісті. Басшы 2017 жылдың жарты жылдығын қорытындылады. Айтуынша, қаладағы 40-қа жуық өндіріс ошақтары 185 млрд.теңгеге өнім шығарып, бюджетті көбейтті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 пайызға жоғары. Сондай-ақ 5000 шаршы метр үй пайдалануға берілді. 20 ауыл шаруашылық жәрмеңкенің арқасында арзан бағамен азық-түлік саудаланды.
Сонымен қатар, Балқаштың 80 жылдығына арналған құрылыс жұмыстары әлі де жалғасады. Қазіргі күні 12 автокөлік жолдың ,9-ы жөнделіп бітті. Сәрсембаев, Иванов,Бөкейханов көшелерінің құрылысы қыркүйектің ортасында аяқталып, Ленин көшесі келер жылы толық жасалмақ. Ал Мағауия Хамзин мәдениет сарайы қар түскенге дейін жаңарады деп жоспарлануда.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login