Ата Заң күніне орай балқаштықтар ақшалай көмекке ие болады

30 тамыз Ата Заң күніне орай кейбір балқаштықтар ақшалай көмекке ие болады. Мерекелік жәрдемақы мүмкіндігі шектеулі жандар мен 70 жастан асқан зейнеткерлерге табысталмақ.Есепте тұрғын 3500-дей мүмкіндігі шектеулі ересектер мен балаларға 6 мың теңгеден үлестірілді. Қазір ол қаражат әркімнің шотына түсті. Сондай-ақ бір жолғы ақшалай көмек тізімінде 70 жастан асқан 4000 қария бар. Мұндай зейнеткерлерге мемлекет 3 мың теңгеден ақша бөлді. Тағыда қоса кетейік, биыл мүмкіндігі шектеулі жандар мен қарттар күніне орай қазан айында ақшалай төлем болмайды.

 Батима Билялова – зейнеткер
« Көп берсе көбіне қуанамыз. Аз берсе азына қуанамыз. Бала шаға , немерелеріме рахат. Мың теңгенің өзі көмек. Енді не істейміз, Қазір бәрі қымбаттап жатыр».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture