Балқаш Универсал мекемесі қаланы толық тазалап шықты. Үйіліп қалған қоқыстар мен құрылыстық қалдықтарды қала сыртына шығырып тастады. Ал мұндай тегін қызмет Балқаштың 80 жылдығына орай жасалды.
10 күнде мекеменің арнайы көліктері көше-көшені аралап, тазалады. 130 ауланы 150 тонна күл-қоқыстан тазартты. Жай ғана қоқыс жәшіктерін босатып қана қоймай, жиһаздар мен құрылыстан қалған кірпіш-құмдарды да шығарып тастады. Ол үшін қалалық әкімшілік көмек қолын созды. Ал енді осындай тазалықтан кейін кімде-кім үлкен қоқыстарды есік алдына тасатаса жазаланатын болады. Қомақты сомада айыппұл төлейді.
Төлеухан Асылбеков «Балқаш Универсал»ЖШС директоры
«Бүкіл қаланы біз үйден шыққан қоқыстан тазарттық. Қаламыз қазір таза деп айтуға болады. Бұл ақылы жасалатын жұмыс. Бірақ, қаланың 80 жылдығына орай қаланы тазартуға келістік».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login