Балқаш жаңалықтары 24 тамыз 2017

Заң бәріне бірдей. Қызмет барысында жол ережесін бұзған жол-патрульдік полиция қызметкері ақшасынан қағылды. Қауіпсіздік белдігін тақпаған инспектор сот алдында жауап беріп, айыппұл төледі.

6 күн бұрын көлге шыққан балықшылар іс түссіз кетті. Бүгінгі күнге дейін екі тұрғынның қайықтағы 200 келі балықтары, 20 литр бензиндері және қармақтары да табылмады.

Барлығыда дені сау ұрпақ үшін. Енді екпеден бас тартқан ата-аналар жазаланатын болады. Дәріні еккізбеймін дегендер 22 мың теңге айыппұл төлемек.

Бір қате талай жұмысқа қолбайлау. Жыл басынан бері қалалық сот құжаттарда қателік кеткен 30-дан аса адамның ісін қарады.

Қалалық гимназия- дарынды балаларға арналған облыстық интернат атағына ие болды.Сондықтан ондағы 273 оқушы өзге мектептерге көшірілді.

Енді Балқашта аптап ыстық пен күннің қатты қызуын күтпей қоюға болады.Синоптиктердің айтуынша, қалада жаз мезгілінің аяқталуы жақын.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture