Енді екпеден бас тартқан ата-аналар жазаланатын болады. Дәріні еккізбеймін дегендер 22 мың теңге айыппұл төлемек. Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі осындай өзгеріс әзірлеп, заңға енгізбекші. Алайда, мұндай ереже діни көзқарастарымен екпе жасаудан бас тартқандарға ғана қатысты. Ал егер екпе егілмесе, балалар мектеп пен балабақшаларға кіргізілмейтін болады. Бүгінде өзге қалалар секілді, Балқашта да дәріні қабылдамағандар баршылық. Жыл басынан бері 20 ата-ана екпеден бас тартты. Бірі дәрігерлерге сенімсіздік танытса, басқалары екпенің кейбір түрін ғана салғызбайды. Діни тұрғыдан екпеден бас тартқандар тіркелмеген.
Виталий Омаров – медициналық психолог
«Жыл сайын 2-3 ата-ана екпеден бас тартып жатады. Бірақ біз шақырып, психологиялық тұрғыдан кеңес береміз. Себебі, екпе балаға міндетті түрде қажет. Баланың денсаулығына қауіп төндірмейді. Керісінше, дұрыс дамуына , ауырмауына көмектеседі».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login