Балқаштық полицейге пара алғаны үшін 2 млн. теңгеге жуық айыппұл салынды

Балқаштық полицейге 30 мың теңге пара алғаны үшін 2 млн. теңгеге жуық айыппұл салынды. Жол-патрульдік  полициясы   рота бөлімінің командирі  жұмыс барысында ішімдік ішіп алып, көлік басқарған жүргізушіні тоқтатады. Хаттама толтырмау үшін 30 мың теңге пара талап етеді. Көлік иесі ертең әкеліп беремін деп кетіп қалғанымен, ақшаны қайта сұраған. Ал оны жүргізуші сыбайлас жемқорлықпен күрес бөліміне айтып қойған. Келесі күні тиісті мамандар полицейді параның үстінен ұстады. Сот оны кәнілі деп тауып, оған 1 млн.800 мың теңге айыппұл салды. Дүние –мүлкін тәркілеп, мемлекеттік қызметке орналасу құқығынан айырды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture