Балқашта  еттің бағасы арзандады

Балқашта  еттің бағасы арзандады. Бұрын қой етінің бір келісі 1200 теңгеден болса , қазір 100 теңгеге төмендеді. Бірақта, мұндай өзгешелік тек ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде байқалуда. Онда қой еті 1100-ден сатылса, дүкендерде 1400-1500 тг. Сиыр етін кәсіпкерлер 1500-1700 теңгеден саудаласа, жәрмеңкеде 1300. Ал жылқы еті — 1400. Онымен қоса, жәрмеңке сөрелерінде сүт өнімдерін де арзан бағамен сатып алуға мүмкіндік бар.

Байзақ Әлмағанбетов кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі жетекшісі
«Арзандау фактілері байқалып отыр. Өйткені биылғы туған жас төлдердің өсіп-жетілуі оған себеп болып отыр. Ал ірі қараның жылқының бағасы сол беті бір деңгейде бағасы тұрақталып тұр». 

Сондай-ақ биыл құрбан айтқа байланысты тірі малдар ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде сатылмайды. Ұсақ төрт аяқтылардың құны мал базарында 25-30 мың теңгеден, ірі қара 130-150 мың теңгеден саудаланады деп күтілуде.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture