51 жастағы Рембаза кентінің тұрғыны өзінің досын ішімдіктің салдарынан өлтіріп қойды. Қанды оқиға түнгі сағат екіде саяжайда орын алды. Арақ-шарапқа тойып алған екі жігіттің әңгімесі бір уақытта ұрыс-төбелеске ұласқанды. Салдарынан ашуға булыққан 51 жастағы үйдің қожайыны пышақты қонақтың ішіне бір рет сұғып алған. Содан кейін өзге бөлмеден үй иесінің әйелі келіп, жедел жәрдем қызметкерлерін шақырыпты. Өкінішке қарай, дәрігерлер келгенше зардап шеккен 47 жастағы еркек сол жерде көз жұмды.
Мадияр Игенов- қалалық прокуратураның прокуроры
«Аталған бап бойынша, яғни ҚК 99 бабы бойынша оған 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Ол өзінің кінәсін толықтай мойындап және ішімдік ішкенінен ол екеуінің арасындағы болған ұрыс-керістен оған дене жарақатын келтіріп өлтіргенін пайымдайды».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login