Құттықтау Кенжина Нұргүл Хамитқызы

Аяулы да, ардақты әпкеміз Кенжина Нұргүл Хамитқызы! Сізді 40 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Тағдырыңызда таршылық көрмей, тәтті ғұмыр кешіңіз. Ағайын-туыстың ортасында осы бір жайдарлы мінезіңізбен қызық-қуанышқа ортақтасып, аман-есен жүре беріңіз. Алла жасыңызды ұзақ қылсын!

Нағашы әпке 40 жасың құтты болсын,

Өміріңіз шаттық пен нұрға толсын.

Аман-сау күндеріңіз арайланып,

Көкірегіңіз күмбірлеген күйге толсын!

 

 

Шығыпсың   40-жастың қырқасына,

Береке бірлігісің  отбасында.

Бақытты ғұмыр  кешіп  жүре  берші,

Демекпіз жанұяңның  ортасында.

 

 

Асыл келін анасы қос баланың,

Шаңырағың биік болып шайқалмасын.

Жан-жолдасың інімізбен бірге болып,

Жарқырап, келер күнің бақ орнатсын!

Еркелеттің сөзімді екі еткізбей,
Қорғадың маған пана жел өткізбей.
Әпке деген атыңнан айналайын,
Өзіңізді АЛЛА жүзге жеткізгей!

Т/б:  Алтай – Айгүл, Аяна, Аяулым.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture