Еске алу Жұмажанова Қания Бөкейқызы

Айтуған келіні, руы Тобықты – Құттыбай, қимас досымыз Жұмажанова Қания Бөкейқызының өмірден өткеніне 20 тамыз күні 3 жыл болады.

Өмір жалған өтпелі екен қас-қағым,

Жанға жара салатұғын, басқа мұң.

Сағынышпен еске аламыз өзіңді,

Жастайыңнан бірге жүрген достарың.

 

Асыл досым сағындық нұрлы бейнеңді,

Сені ойласақ сағыныш оты кернейды.

Сол сағыныш бар жанымызды күйдіріп,

Жоқтығыңа әлі сенгіміз келмейді.

 

 

Сағынумен 3 жыл болды өткелі,

Жан досымыз есімізден кетпедің.

Өзегімізді өртейді бір өкініш,

Досымыздың аз – ақ ғұмыр кешкені.

 

Сен кеткелі, сол қалпы өмір мүлде,

Қыс келді, жазда кетті, қоңыр күзде.

Бала – шағаң, аман – сау өсіп жатыр,

Жетпей тұрған сен ғана көңілімізде.

 

Жеткізбеді қатал тағдыр қызық – қуанышқа,

Жүрегіміз мұңға толды сағынышқа.

Думандатып тойлар едік тірлікте,

Егіліп бүгін қалай еске алмасқа.

 

Артыңда дұға етер жолдасың бар,

Арманың шаңырақтың шамын жағар.

Қыздарың — күйеу балалар, немерелері,

Қол жайып құран оқып бата қылар.

 

Қимаймыз, еске аламыз, ұмытпаймыз,

Бақи бол, имандының бірі сенсің.

Жатқан жерің жарық болсын,

Топырағың торқа болсын!

Шапағатың нұрға толсын!

Әруағыңмен жебей бізді,

Артыңдағы ұрпақтарың аман болсын!

Еске алушылар: достары.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture