Руы Найман – Садыр – Медет, Үрістембеков Әділет Қайратұлының өмірден өткеніне 1 жыл толады.
Жылдық асы 19 тамыз күні сағат 11.00-ден бастап Саяқ кентінің МЕШІТІНДЕ беріледі. Ағайын – туыс, құда – жекжат, көршілерге, жолдастарына, ұжымдарына хабарлаймыз.
Жүруші едің қабағын бағып анаңның,
Көңілін тауып қарындас-бауыр, ағаның.
Сен жүрген жердің барлығы думан-той еді,
Өлең қып жаздым қалмады басқа амалым.
Көз алдымнан кетпейді,
Желкілдеген тұлымың.
«Мама» деген даусыңды,
Сағындым ғой, құлыным!
Ақкөңіл-ең әр кезде жарқылдаған,
Туысқа да, досқа да аңқылдаған.
Бәрімізді қалдырып қайда кеттің,
Жылап қалды ағайын, артыңда анаң.
Халықтың қалаулы бір баласы едің,
Жаманға жол бермеуге таласып ең.
Қолдаған адалдықты, адамдықты,
Жақсымен қатар жүріп, жарасып ең.
Мұнша неге мезгілсіз,
Қысқа сенің ғұмырың?
Жиырма бес жасқа келгенде,
Үзілдің-ау, құлыным!
Ас берушілер:анасы – Раушан, туған – туыстары.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login