Балқаш жаңалықтары 17 тамыз 2017

Балқашта бассейн қыркүйекте ашылмайтын болды. Нысанның жобасы өзгертілгендіктен араға 15 күн салып бүгін қайта жанданды.

Балқаштықтың 80 жылдық мерейтойын тойлайтын күн белгілі болды.Туған күнді атап өту мақсатында өңірде көптеген мәдени-спорттық шаралар жоспарлануда.

Балқашта қант арзандады. Ауыл шаруашылығы бөлімі уәде бергендей жаздағы тосап жасау уақытына қарамастан тәтті ұнтақтың бағасы төмендеді.

Жаңа оқу жылының басталуына санаулы уақыт қалды. Алайда балқаштық ата-аналар оқу құралдар мен киім кешектерді сатып алуға асығар емес.

Бектау-ата жері Қазақстандағы киелі 100 аймақтың тізіміне кірді. Қасиетті Қазақстан ғылыми-зерттеу орталығы осындай тізімді ұсынды.

Садақ атудан балқаштықтар үздіктер қатарында. Жерлестеріміз өңірде өткен халықаралық турнирде үшінші орын алды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture