Балқаш көлінде жоғалып кеткен балықшы табылды

Балқаш көлінде үш күн бұрын жоғалып кеткен балықшы табылды. 32 жастағы азаматтың мүрдесі Тасарал жақтағы көл астынан шығарылды. Марқұмның өзі Тасарал кентінің тұрғыны. Ол 15 тамыз күні «Амур» катерімен балыққа шығып, кешке қайтып келемін деген. Бірақ түнге дейін оралмағандықтан, туысқандары сол күні құтқарушыларға дабыл қаққан. Балқаш және Приозерсктің 6 маманы 17 тамызға дейін 6 шақырым квадрат аумағын тінтіп, әзер тапты. Кеше марқұмның денесі Тасарал жақтан 7 метрлік тереңдіктен шығарылды.

Дархан Қуанбаев- Судан құтқару бөлімшесінің  басшысы 

«Қатты  жел іздеу жұмыстарына біраз қиыншылық  туғызды. Оның үстіне қайықтың қай бағытқа бет алғанын көрген куәгерлер де болмады». 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture