Руы Тобықты — Манас — Ақсары — Бөртебай көпес, Сланұлы Орынбай (Өкен) әкеміздің өмірден өткеніне 40 күн.
Қырық күндік асы 19 тамыз күні сағат 11.00-ден бастап «ӘЛИЯ» дәмханасында беріледі. Ағайын – туыс, құда – жекжат, көршілерге, танитын барша жамағатқа хабарлаймыз.
Адам мәңгі жүрмейді бұл жалғанда,
Көнеміз ғой тағдырдың салғанына.
Көзімізге ып-ыстық жас келеді,
Әке, өзіңді сағынып, еске алғанда!
Арнап кеп туған-туыстар келеді де,
Рухыңа бағыштап дұға етеді де.
Торқа боп топырағың, иманды бол,
Жайлы болсын мәңгі жатқан мекенің де.
Жанымызда жүруші едің күліп күнде,
Жоғалтқалы өтті ғой 40 күн де.
Жарқын бейнең жарқылдап еске түсіп,
Жүректерден қалмайсың ұмыт мүлде.
Жалған дүние, жарытпаған қызығын,
Неге үздің әкешімнің ғұмырын.
Думандатып отырушы-ең маңайды,
Бос қалды ғой төрдегі орның, Әкетай!
Жатқан жерің жәннаттың төрі болсын,
Жан Әке, топырағың торқа болсын!
Иманың мәңгілікке жолдас болып,
Аруағың ұрпағыңды қолдап жүрсін!
Ас берушілер: жұбайы – Әсия, балалары, немерелері, туған – туыстары.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login