Құттықтау Оспанова Қымбат (жиендері)

Құрметті әпкеміз Оспанова Қымбат! Сізді 50 жылдық туған күніңізбен құттықтаймыз! Осы айтулы күні, Сізге, зор денсаулық, қажымас қайрат, мол бақыт, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз. Әрбір атқан таң тек қуаныш сезімін сыйласын. Жасыңызға жас қосыла берсін. Отбасыңызға амандық, молшылық, береке мен байлық, қуаныш пен шаттық тілейміз.

Тілейміз бақыт пен дәулет бір басыңа,

Аман жүрші әрқашан ортамызда.

Ағайын-туыстарға сыйлы болып,

Тағы да қосылсыншы жас-жасыңа!

 

Құтты болсын 50 жасыңыз,

Қуанышқа мерейленіп тасыңыз.

Қуат беріп, үрім-бұтақ қызығы,

Ұзақ жасап, жүзден әрі асыңыз.

 

Мерейтой 50 жасыңыз құтты болсын,

Денсаулығыңыз әрдайым мықты болсын.

Баянды да, бақытты өмір сүріп,

Жүрегіңіз қуаныш пен нұрға толсын.

 

Бақыт құсы айналып күнде қонсын,
Құшағыңыз әрқашан гүлге толсын.
Туған күн деп Сізге арнап тост көтеріп,
Туыс-туған, дос-жаран бірге болсын!

Ізгі тілекпен: Мадияр-Фариза, Иген, Ислам.
 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture