Құттықтау Исатаев Равиль Досхатұлы

Біз бүгін ұлымыз Исатаев Равиль Досхатұлын 25 жасқа толған туған күнімен құттықтаймыз! «Отымыздың алды, суымыздың тұнығы» жан баламызға өмірдегі бар жақсылықты тілейміз!!!

Адамның әр жылы – бір белес де,

Өткен күндер – ертеңгі тарих емес пе?!

Құттықтаймыз, РАВИЛЬ, сені бүгін,

Келгеніңмен жігіт  арқауы – ЖИЫРМА БЕСке!

 

 

ЖИЫРМА БЕС – жалынды дәурен шырыны,

ЖИЫРМА БЕС – дүниенің дүрмек қызығы.

Бойдақтығың да қала алмас бойын тасалап,

Құрық боп түсер арудың  бұлғақ бұрымы.

 

 

Мойымадың тосыннан келген сындарға,

Қыран болып, енді самға шыңдарға.

Тамсандырып жұртты жақсы іспенен

Үлгі болғын ДИАНАға, ұлдарға.

 

Алаңдамас болашақта ешқашан-

Сен сияқты РАШКА ағасы тұрғанда!

Қамқор аға бола білген әрдайым-

Алда-дағы отбасыңды құрғанда….

 

 

Қалады енді артта балауса күн, бал сәтің,

Орындалсын алда асқақ арман, мақсатың.

Ұзақ болсын ғұмырың, тербетіп бақыт желкенін,

Шыға берсін болашақта ДОСХАТҰЛЫ жақсы атың!!!

 

Т/б: Исатай әулеті

17.08.2017 жыл.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture