Жылдық ас Қалқайқызы  Майра

Руы Қожағұл, Көшербаев  Әбілпейістің бәйбішесі, Сарытерек ауылының тумасы, руы Сарт, асыл ана, сүйікті әжеміз Қалқайқызы  Майраның өмірден өткеніне 1 жыл болады.

Жылдық асы 18 тамыз күні сағат 12.00-ден бастап МЕШІТТІҢ ҮЛКЕН залында беріледі. Ағайын – туыс, құда – жекжат, көршілерге, анамызды танитын барша жамағатқа хабарлаймыз.

Жыл өтті, сағындық құдіретіңді,

Қолдап жатшы аруағыңмен әулетіңді.

Көзімізге жас алып, еске аламыз,

Ақжарқын мінезің мен келбетіңді.

 

 

Ардақты Әже, асыл Ана, өзің едің от басы,

Білеміз ғой жүрегіңнің енді қайтып соқпасын.

Нұр жүзіңді жасырса да қара суық топырақ,

Жарқын бейнең біздер үшін, мәңгі есте сақталсын!

 

Кеңейіп шаңырақ, керегең,

Желкілдеп өсті немерең.

Еске алар мәңгі өзіңді,

Ұрпағың өсер – шөберең.

 

 

Қол жайып, рухыңа құран бағыштаймыз,

Өзіңізді әркез еске аламыз, ұмытпаймыз.

Жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа болсын,

Қабіріңіз құран менен нұрға толсын!

Ас берушілер: балалары, немерелері, шөберелері.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture