Балқаштың 80 жылдығын тойлайтын күн белгілі болды

Балқаштықтар қаланың 80 жылдық мерейтойын 16- қыркүйек күні тойлайтын болды. Туған күнді атап өту мақсатында өңірде көптеген мәдени-спорттық шаралар жоспарлануда. Мереке сағат 11-де салтанатты жиынмен басталып, жағалауда ән-күймен жалғасады. Киіз үй құрылып, қолөнер туындыларының көрмесі ел назарына ұсынылады. Сонымен қатар, балқаштықтар авиа, авто шеру, жануарлар байқауын тамашалап, палуандардың күресіне баға бере алады. Балалар үшін ойын – сауықтар өткізіледі. Ал кешкі сағат 19.00-де  стадионда еліміздің жұлдыздары өнер көрсетеді. Түнгі сағат 12-де от шашу шашылады.

 Меруерт Қарсыбекова- Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы
«16 қыркүйек күні мәдени іс-шаралар көл жағалауы мен Астана саябағында өтеді. Кешкілікте стадионда 5000-дай адамның қатысумен театрландырылған көрініс болады. Содан кейін жұлдыздардың қатысуымен концерт өтеді».  

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture