Руы Тобықты – Манас – Тастемір, Жұмабеков Әуелхан (Әукен) немересі Таңатқызы Алуаның өмірден өткеніне 1 жыл болады.
Жылдық асы 17 тамыз күні сағат 11.00-ден бастап МЕШІТТІҢ КІШІ залында беріледі. Ағайын-туыс, құда-жекжат, көрші-қолаң, жора-жолдастарына, ата-анасының еңбек ұжымдарына, сыныптастарына, ауылдастарына хабарлаймыз.
Жауhазындай жайнаған Алуамыз,
Гүлдей нəзік еді ғой жаны нағыз.
Күз келді де жылатты мына бізді,
Енді міне, өзіңді сағынамыз.
Бір жыл өтті, қазаңа мұздар жаным,
20 жасқа толар ең қызғалдағым.
Жаутаң-жаутаң қараймыз келер жолға,
Сезесің бе, жүректе сыз қалғанын?!
Бізге бақыт сыйлап ең бала күннен,
Дертімнің емін кімнен табамын мен?!
Əкеңнің мақтанышы болып мəңгі,
Анаңа еркеледің жанарыңмен.
Аралап баз кешсек те жар-құздарды,
Ештеңе жұбатпады жанды ызғарлы.
Бірге өскен кішкентайдан өзіңді іздеп,
Алмас ағаң артыңда жалғыз қалды.
Достарың, құрбыларың еске алуда,
Үзілген үмітім ең жас шағында.
Небəрі 19 жас ғұмырыңда,
Қадірлі болдың күнім дос-бауырға.
Бойжетіп айналып ең қалқа қызға,
Ойнап-күліп өсіп ең ортамызда.
Ғұмырың кетті үзіліп он тоғызда,
Зіл-батпан қайғы салып арқамызға.
Достыққа болған екен жаның ізгі,
Құрбынның жұбатуда бəрі бізді.
Досқа сыйлы болыпсың, олар біздің,
Ылғи біліп тұрады халімізді.
Өсірген гүлім едің еркелетіп,
Өмірімді жүріп ең көркем етіп.
Келмесіңді білсекте енді қайтіп,
Суретіңді келеміз желкен етіп.
Бақыт құсы ұшқанда басымыздан,
Қолдау көрдік ағайын, досымыздан.
Туған-туыс көршіге көп рақмет,
Жанашыр боп табылды қасымыздан.
Бақшамдағы құлпырған қызыл гүлім,
Жүректі қайғы басты, жүзімді мұң!
Əкеңе кім қолқанат болады ертең,
Аналық жалғар менің ізімді кім?!
Бақыт бізге-өзіңмен сəт көріскен,
Амал таппай тынамыз əттең іштен.
Алладан дұға тілеп қол жаямыз,
Қабірің нұрға толсын Ақ періштем!!!
Ас берушілер: ата-анасы: Таңат – Лаура, ағасы – Алмас, ата-әжелері, туғандары, нағашылары, Жұмабековтер әулеті.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login