Руы Тобықты – Манас – Тастемір, қимас жиеніміз Таңатқызы Алуаның өмірден өткеніне 1 жыл болады.
Сағынып, таусылардай көздің жасы,
Өмірдің тоқтағандай бар ағысы.
Елесің арман болды жыл өткердік,
Қиылған балапаным ғұмыр жасы.
Кетпейді құлақтан еш бөлек үнің,
Әттең-ай кім біледі жөнелерін.
Алладан медет тілеп дұға етеміз,
Туысқан, нағашы жұрт, бөлелерің!
Мұнша неге мезгілсіз,
Қысқа сенің ғұмырың?
Он тоғыз жасқа келгенде,
Үзілдің-ау, құлыным!
Көз алдымнан кетпейді,
Желкілдеген тұлымың.
«Тәте» деген даусыңды,
Сағындым ғой, құлыным!
Аңқылдаған ақкөңіл,
Жүзің естен кетпейді.
Сағындық қой, балапаным,
Өзіңе ешкім жетпейді.
Сұм ажалдың дегеніне бағындық,
Бір Аллаға жалбарынып жалындық.
Ортамыздан табылмадың, Алуажан,
Нұр бейнеңді бүгін біздер сағындық.
Енді міне, отырмыз,
Қол жайып, дұға жасап,
Қамығып нағашы, бөле, туысқандарың.
Қабыл болсын өзіңе арнаған дұғалары.
Сағына еске алушылар: нағашылары: ата-апасы, тәте-жезделері: Қанат-Гүлнар, Руслан-Зухра, бөлелері: Жансая, Ақбота, Ақерке, Ертілеу, Бибінұр.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login