Балқаштың екі көшесіне жаңа канализациялық қақпақтар орнатуда

Ағыбай батыр көшесінің ортаңғы тұсында әлі де жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қараменде би мен Ленин көшесінің ортасына қайтадан жаңа канализациялық қақпақтар орнатылуда. Осылайша, жолдағы құрылыс жаз бойы жалғасып келеді. Естеріңізде болса, маусым айында бұл көшеде «Балқаш Су» 30 құдықтың қақпағын жаңартқан болатын. Алайда, тексеріс барысында орнатылған қақпақтар жолға жарамсыз болып шықты.

Кейін анықталғандай, жаздың басында автокөлік жолына жарамды нағыз қақпақтар сатып алынбаған екен. Сондықтан мамандар қолда барды пайдаланған көрінеді. Деседе, бірнеше тоннаны көтеретін құдықтың беттері енді орнатылуда.

Әнуар Сәмиев- ТКШ бөлімінің жетекшісі
«Құрылыс жұмыстары кезінде жолға арналған қақпақтар болмады. Сол себепті уақытша Балқаш Судың қақпақтарын орнаттық. Ал сапасы орташа, автокөліктің жүріп-тұруына ыңғайлысын енді тапсырыспен алғыздық». 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture