Балқаштықтар көлік жүргізу курсын тегін оқи алады

Көлік жүргізу куәлігі қол жетімді.Енді жұмыссыз жүргендер мен өзін-өзі еңбекпен қамтып отырғандар тегін курсқа барып, тұлпардың тілін меңгере алады. Қалалық жұмыспен қамту орталығы осындай жандардан өтініштерді қабылдауды бастады. Барлығы 200 ниеттіге бос орын бар. Алғашқы оқу курсы осы аптада басталып, екі жарым айға жалғасады. Онда болашақ жүргізуші «В», «С», «Д» категорияларын оқып, стипендия алуға да мүмкіндігі бар. Ай сайынға шәкіртақы 11 мың теңге. Сондай-ақ, жұмыспен қамту орталығы арқылы кез-келген тұрғын «Есеп және аудит», «Компьютерлік сауаттылық» пен «Шаштараз»мамандықтарын тегін меңгере алады. Толық ақпаратты 7-59-56, 4-24-00 нөмірлері арқылы біле аласыздар.

Диана Рахметолла – Жұмыспен қамту орталығының маманы
«Қазір біз көлік жүргізуді үйренемін дегендерден өтініштерді қабылдап жатырмыз. Ол үшін жұмыспен қамту орталығына келіп, жеке куәлікті , диплом, аттестатты көрсету керек». 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture