Қырық күндік ас Тойымбеков Азамат Нұрланұлы

Руы Тобықты – Жуантаяқ, қимас бауыр Тойымбеков Азамат Нұрланұлының өмірден өткеніне 40 күн.

(22.06.1976-12.07. 2017)

Қырық күндік асы 17 тамыз күні сағат 12.00-ден бастап Жидебай батыр көшесі, 16 үй, 9 пәтерде беріледі. Туған – туыс, көрші – қолаң, бірге істеген әріптестеріне хабарлаймыз.

Қайран, бауыр, неден сенің қысқа болды ғұмырың?

Естілмейді құлағыма жарқылдаған жыр үнің.

Жылап тұрмыз бауырларың, қабіріңнің басында,

Арман болды-ау тірі жүрген бір күнің!

 

Амал қанша, сені жоқтап күйгенмен,

Өтіп жатыр тірлік шіркін, күйбеңмен,

Қайтып сенің келмесіңді білсек те,

Алаңдаумен 40 күн өтті, іздеумен.

 

 

Ерте кеттің бұл өмірден аттанып,

Қараңғыға қара жерді жастанып.

Найзағайдың жасынындай жарқ еткен,

Қалды елесің көкіректе жатталып.

Ас берушілер: бауырлары.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture