Қырық күндік ас Әуелбекқызы Рауза

Руы Қаракесек – Қояншы – Таңай, Қайшыбаев Жанқораздың бәйбішесі, руы Тобықты – Манас – Байлар, аяулы анамыз Әуелбекқызы Раузаның өмірден өткеніне 17 тамыз күні қырық күн болады.

Қырық күндік асы 17 тамыз күні сағат 12.00-ден бастап «БЕРЕКЕ» дәмханасында беріледі. Ағайын – туыс, құда – жекжат, көршілерге, танитын барша жамағатқа хабарлаймыз.

Артығы едің ішінде даналардың,

Бәрі осындай болса ғой аналардың.

Ұрпағы үшін өткізген әр сағатын,

Жұмақтан орын алсын ғазиз жаның.

 

Мейіріммен жымиған күлкіңізді,

Еске алып, мәңгілікке сағынамыз.

Жатқан жерің, жан Ана, жайлы болып,

Сәуле шашып тұрсыншы қабіріңде.

 

 

Асыл ана, жеткізіп жетелеген,

Жалғанда саған адам жетер ме екен?

Біз үшін сен бір асыл, сен бір кенсің,

Батаңмен бар әулетің өсіп-өнсін!

Қимаймыз, еске аламыз, ұмытпаймыз,

Бақи бол, имандының бірі сенсің!

 

Бәрімізді еркелеткен сонау бала кезден-оу…

Сенің адал еңбектерің бағаланбас сөзбен-ау.

Жаны жайсаң, сабырлы да, саф алтындай салмақты,

Сағындық қой дауысыңды, асыл, алтын анам-ау

 

Ақылшы, арқа сүйер тауымыз-ең,

Барады жылжып ағып өмір-өзен.

40 күн болды бұл фәниден өткеніңе,

Нұр жүзің әлі күнге шықпайды естен.

 

Ананың орны бөлек өмірдегі,

«Ана» деген асыл жан өмірдегі.

Кім қияды анасын қара жерге,

Жоқ өзіңдей қамқоршы енді бізге.

 

Торқа болсын жамылған топырағың,

Тыныш ұйықта жер бесікте дамылда.

Бір Алладан дұға оқып тілейміз,

Жай тапсын жаның жұмақтың жәннат-бағында.

Ас берушілер: балалары, немерелері.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture