Жер алып ауыл шаруашылығымен айналысамын дегендер үшін жағымды жаңалық. Балқашта 24 жер учаскесі сатылымға қойылатын болды. Оның ішінде 2500 гектар жер жайылым, мал өрісіне арналса, 40 гектары егістікке берілмек. Сонымен қатар, үйректі көбейтемін дегендерге де жер бар. Ал учаске иесі атану үшін ең бірінші Қараменде би көшесінде орналасқан қалалық жер қатынастары бөліміне барып өтініш жазу керек. Сауда-саттық қыркүйек айында өткізіледі. Қазіргі күні аталмыш жерді сатып алуға 50-ге жуық балқаштықтар ниетті.
Саламат Садвақасов – қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің жетекші орынбасары
«Жыл басынан бері екі аукциондық формада сауда-саттық өтті.Онда коммерциалық нысандарға арналған жер учаскелері сатылды. Ендігі учаскелерге Балқаш қаласының азаматтары өтініш бере алады. Қыркүйек айында ауыл шаруашылығы мақсатында берілетін жерлер конкурстық формада өтеді».
Ал жыл басынан бері осындай жер сауда-саттығы мен аукциондардың нәтижесінде қалалық бюджет біраз толықты. Қазынаға 6 млн. теңге түсті. Сондықтан жыл соңына дейін осындай тағы бір аукцион ұйымдастырылмақ. Онда тұрғындар авто көлік жөндеу орталығын, кафе, мейрамхана, сауда орталықтары мен гараждарды сатып ала алады. 20 шақты көлік тұрағы жеке меншікке өтіп, басқа нысандар кем дегенде 5 жылға жалға беріледі.
Балқаш қаласы бойынша аукционға қойылатын бос жер учаскелері
| Нысаналы мақсаты | Жер учаскенің мекен-жайы | Меншік түрі |
| Авто көлік жөндеу орталығы |
Мұхамеджанов мөлтек ауданы , 16/1 |
5 жылға жалға |
| Жазғы кафе | Желтоқсан көшесі, 1/5 | 5 жылға жалға |
| Сауда саттық нысаны | Спицын көшесі | 5 жылға жалға |
| Демалыс орны | Ақ тас -1 | 5 жылға жалға |
| Жазғы кафе | Желтоқсан көшесі | 5 жылға жалға |
| 20 гараж | Қоңырат мөлтек ауданы, 10 мөлтек ауданы,Лесоторговый қойма аймағындағы гараждар массиві
|
Жеке меншік |
| Авто көлік жөндеу орталығы | Сәрсембаев көшесі | 5 жылға жалға |
| Авто комплекс | Жезқазған көшесі | 5 жылға жалға |
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login