1 қыркүйекте күллі қазақстандықтарға демалыс жарияланады. Соған сәйкес бұл күні балалар мектепке бармайды. Себебі, мұсылман халықтың Құрбан айт мерекесінің бірінші күні білім күніне тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан, ресми түрде ел тұрғындары жұма күні демалады. Ал оқушылар 2 қыркүйек күні оқу жылын бастайды.
Жанар Балапанова-Қалалық білім бөлімінің бас маманы
«Министрліктің әдістемелік нұсқаулық хатына орай екініші қыркүйек күні өтеді. 2 қыркүйек күні барлық білім мекемелерінде салтанатты жиындар сонымен қатар, патриоттық сағаттар танымдық сағаттар сынып сағаттары мен өз елімнің патриотымын 0204 тақырыбында өтетін болады».
Сондай-ақ қазақстандықтар тамыздың соңғы аптасында тағы да демалатын болады. 30-тамыз Ата заң күніне орай ресми түрде демалыс болмақ. Осылайша, халық сәрсенбі күні еңбектен қол үзіп, 31 тамыз күні жұмыс істейді. Бірақ, жұма күні қайтып демалысқа шығады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login