37 жастағы Балқаш тұрғыны пышақ жарақатынан көз жұмды

37 жастағы қала тұрғыны біреудің әйеліне көз қырын салғаны үшін қаза тапты. Оны подъезде келіншектің күйеуі пышақтап кетті. Сенбі күні, Спицын көшесінде 37 жастағы ер адам өзінің азаматтық некедегі әйелімен ащы судан ішіп отырады. Ол бітіп қалғанда дүкенге барып, өзге екі әйелмен қол ұстасып келеді. Арада уақыт өткен  соң, қожайын бір әйелді алып, подъездге шығады. Оны көрген жолдасы қызғанып, үй иесінің арқасына 7 рет пышақты сұққан. Сол жерде 37 жастағы ер адам көз жұмған. Қазір бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Есенбала Мыңбаева- куәгер
« Мен кешке шыққан жоқпын. Қан екен. Қорықтым. Осы мотоцикл келіп жүретін. Ішіп жүретін. Жиналып алып. Көріп жүретінмін.»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture