Жылдық ас Бейсембайұлы Тыныштыбек

Семей облысы Шұбартау ауданының тумасы, Руы – Керей-Сарыбай, Бейсембайұлы Тыныштыбектің өмірден өткеніне 1 жыл толып отыр.

Жылдық асы 12 шілде күні сағат 11.00-ден бастап МЕШІТТІҢ КІШІ ЗАЛЫНДА беріледі. Саяқ кенті мен ағайын-туыс, құда-жекжат, көршілерге хабарлаймыз.

Күн артынан күн өтіп, жыл да өтті,

Естен кетпей бейнең бізді жүдетті.

Өзіңді еске алып ұрпақтарың,

Иман тілеп, рухыңа дұға етті.

 

Сағындық қой, жан әке, өзіңізді,

Зәру болдық көруге жүзіңізді.

Сағынамыз баяу ғана сөзіңізді,

Ести алмай қоңыр-жұмсақ үніңізді.

 

Ерте кеттің, өтіп жатыр сағым күн,

Қайғы алмадың, тағдырыңа бағындың.

Артыңдағы қалған ізбен, ұрпақты,

Жалғаймын деп, еске алумен жарың жүр.

 

Көзге жас, көңілімізге тұнып қайғы,

Өмірдің жалғандығын кім ұқпайды.

Еске алып, бала-шаға, немерелер,

Асыл бейнеңді ешқашан ұмытпайды.

 

Ойға түссе мінезін сағынасын,

Іштей ойлап, күрсініп қамығасың.

Өткен өмір келмейді, келмек емес,

Салғанына Алланың бағынасын.

 

Жасындай ғана, жарық етіп сөнді өмір,

Жетімсіреп қалды ғой біздің көңіл.

Жүректегі жараны жазар емес,

Жылы-жылы айтылған сөзде не бір.

 

Ақкөңіл жан едің, әкешім,

Білмейтін пенделікті, қиянатты.

Ағайын-туыс, бауырға қадірлі едің,

Жан Әке, арлы туған арысым-ай!

 

Топырағың торқалы,

Қабірің болсын шуақты.

Жасамаған жасыңды,

Құлындарың жасасын.

Пейіштің төрі өзіңе,

Лайық болсын әрдайым!

Хабарлаушылар: апайы: Замзамия, жездесі – Тілеген, жұбайы – Рукен, бауырлары, балалары: Ләззат-Қуандық, Есбол-Гүлбаршын, Әсем-Қуанышбек, немере-жиендері.

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture