Аулада ойнап жүрген кішкентай қыз баланы басып өлтірген жүргізуші жазадан құтылды. 35 жастағы күдікті 2,5 жылға бас бостандығынан айырылып, бірден рақымшылыққа ілікті. Ал оның жазадан құтылуына марқұм қыздың әкесі келіспей отыр. Істің жандануына ғаламтор арқылы қол жеткізген. Сондықтан қайтадан жоғардағыларға шағым түсірді.
12 минуттық бейнеролик желіге өткен жылдың желтоқсан айында жүктелген. Онда Дастан Анықбаев бас прокуратурадан және ішкі істер министрлігінен көмек сұрайды. Өз сөзінде, балқаштық қызының өліміне кінәлі жүргізуші таныстарының арқасында жазадан құтылғанын сөз етіп, әділеттілікті талап етеді. 5 айдан кейін, істің тоқтағанын айтады. Бірақта, 50 мыңға жуық адам көрген бейнеролик, ғаламтордың арқасында қайта жанданды.
Дастан Анықбаев – қала тұрғыны:
«Сарапшылардың қорытындысы бойынша, Нұрлан Құсаинов алға қарай жүріп бара жатып, көліктің бамперімен қызымды қағып кетті. Ол арқасымен құлап, мойынын сындырып алды. Құсаинов оның өліміне кінәлі емес дейді. Алайда, жерге құлаған баланың денесіндегі жаралар қайдан пайда болды? Одан бала қалай өліп кетеді?».
Естеріңізде болса, қайғылы оқиға өткен жылдың жазында болған еді. Жидебай батыр көшесінде кішкентай қыз бала 8 жасар әпкесімен бірге ойнап жүреді. Сол жерде Toyota көлігі тоқтап тұрады. Оған екіге толмаған бала жақындай бергенде, көлік жүрмек болып орнынан қозғалады. Сол уақытта иномарка жүргізушісі сәбиді байқамай басып өтеді. Нәтижесінде бала сол жерде көз жұмды.
Бұл іске қатысты тергеу 1 жыл бойы жүргізілді. Сот шешімімен кінәлі жүргізуші 2,5 жылға сотталды. Алайда, рақымшылыққа ілігіп, тек үш жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Мұндай үкімге марқұм қыздың отбасысы келіспей, апелляцияға жүгінбекші. Көз жұмған қыздың әкесі бас прокуратурадан бастап, Президентке дейін шағым түсіремін деп отыр.
«Мен әділеттілікке қол жеткізгім келеді. Бұл іс басталғаннан бастап тергелмей, қиыншылықтары болды. Әдейі рақымшылыққа созылды. Мен бұл іс Балқашта емес, Қарағандыда қаралса екен деп едім. Бірақ болмады.Сондықтан біз сот шешімімен келіспейміз» ,-дейді Дастан Анықбаев.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login