Жылдық ас Оңғарбаева Батима Арыстанбекқызы

Руы Тобықты – Құттыбай, Оңғарбаева Батима Арыстанбекқызының өмірден өткеніне 1 жыл.

Жылдық асы 12 тамыз күні сағат 11.00-ден бастап «КОСМОС» дәмханасында беріледі. Ағайын – туыс, құда – жекжат, көршілерге, бірге істеген еңбек ұжымына, танитын барша жамағатқа хабарлаймыз.

Әттеген – ай… Уақытты ешкім  уысында ұстап тұра алмасы анық. Өмірден өтсе де орны толмайтын, есімі есіңнен, жақсылықтары жадыңнан, адамгершілігі қаперіңнен кетпейтін есіл ер еді – ау, шіркін!

Біз осыдан 1 жыл бұрын  төрге шықса төбедей, төбеге шықса төредей, жақын мен алысты бірдей  тең көрген сүйікті әпкеміз Бәтимадан айырылған едік.

Атқан оқтай, шапқан аттай  заулап жатқан уақыт. Әрқашан жүзінен мейірім шуағы есіп тұратын, кұлімдеген бейнесін аңсатып кеткені өкінішті.

Алланың нұры – көктемгі ақ жауындай көпке пайдасы көп тиген жан еді ау… О бастан өлмек айқын. Бұл пәниде темір өзекті пенде жоқ  өлмес адам елде жоқ, өлімнен өтер өткел жоқ.

Мендей болып ешкімнің,

Жыламасын анасы.

Аман болып әрдайым,

Жүре берсін баласы.

 

Қаламын деп артыңда ойламадым,

Балам-ау, бізді неге ойламадың?

 

Туған үшін өттің талай өткелден,

Жан адамаға кезің жоқ қой кектенген.

Әпке, айтшы не дейін бұл жалғанға

Енді көрер зейнетіңді көп көрген.

Өмір – ақ пен қараның, қуаныш пен қайғының, жақсылық пен жамандықтың майдан даласы сынды. Кеше ғана алдымызда жүрген әпкеміздің бүгін жоқ болғанына қалай сенерсің, қалай көнерсің. Қолдан келер амал жоқ, іштей егілесің, сосын бұл дүниенің жалған екеніне сенесің.

Бағыштаймыз өзің деп жанға Құран,

Періштелер қолдасын жан – жағыңнан.

Туғандарың дұға ғып жатыр бүгін,

Амал дәптер табылсын оң жағыңнан.

Өмір қамшының сабындай деген осы ғой. Көзі тірісінде елге сыйлы болған әпкемізді фәниден  бақиға ерте озады деп кім ойлаған?!

Ардақты әпке, пейіштен болсың орның,

Алланың нұры жаусын, таусылмасын.

Елгезек, ақкөңіл, жарқын бейнең,

Жадырап, жүректерде мәңгі тұрсын.

 

Уақыт – сынап, біраз нәрсе өзгерді,

Сенсіз әпке, өткен күнді көз көрді.

Туыс, бауыр, достарынан сұраймыз,

Дұға лқып, естеріне алғанын!

 

Жатқан тұрақ марқұмға мамық болсын!

Жаққан шырақ марқұмға жарық болсын!

Рухыңа дұға бағыштап, жатқан жері жайлы, топырағы торқа, жаның жәнната болғай демекпіз!

Ас берушілер: анасы — Қорлан, апасы – Балқия, бауырлары.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture