Жылдық ас Имекешев Олжас

Елі Төлеңгіт,

Руы Арғын – Қуандық – Алтай – Мамашық, Нұралы тегі Дюсембекұлы Имекешев Олжастың өмірден өткеніне 1 жыл.

(1991-2016 ж.ж.)

Жылдық асы 11 тамыз күні (жұма) «СҰЛУ» (Аққу) дәмханасында сағат 12.00-ден бастап беріледі. Ағайын – туыс, құда – жекжат, әріптестерге, Олжастың жолдастарына хабарлаймыз.

Бұл жалғаннан өткеніңе де 1 жыл болды. Не айтайын, балам  — ай?!Шемен болған шерімізді шумақтатып, өлеңдетіп ақтарғаннан не пайда? Ойда жоқта, кенеттен тілге келмей кеткенің жүрегімізге қанжар болып қадалды.

Алланың әміріне қарсы тұратын кім бар? Маңдайымызға жазылғаны осы шығар…Өзіңмен өткен әр сағатымыз, қуаныш пен реніші, ащысы мен тұщысы, қызығы мен шыжығы, бәрі де есте, санамызда, жадымызда…

Бірақ көңілімізде қапы қалды, өзегімізді өкініш өртейді…

Жатқан жерің жайлы болып, жаның жәннатта болсын! Алладан рахым, Пайғамбардан шапағат төгілсін. Өзіңе арнап бағыштаған дұғаларымызды қабыл алсын.

Ас берушілер: әжесі – Бақыт, әкесі – Дүйсен, анасы – Фарида, апа – жезделері, аға – жеңгелері, бауырлары.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture