Жылдық ас Ахметжанұлы Сәкібай

Жарық дүниедегі адал жар, немере – шөберенің сүйікті атасы, туған – туыстың жанашыры, Ақтоғай ауданының, Сарытерек ауылының сыйлы ақсақалы, «Ақтоғай ауданының құрметті азаматы», тыл ардагері, асқар таудай тірек болған асылымыз руы Тобықты – Құланшы – Мәмбет, Ахметжанұлы Сәкібай әкеміздің  дүниеден озғалы бір жылдай уақыт өтіпті.

Әр күн сайын әкеміздің аты аталса, жансыз бейнесін  көрсек жүрегіміз елжіреп, сағыныштан көзімізге жас келеді. Әкеміз  бір атадан жалғыз болса да қиындықты көп көрсе де мойымай жеңе білген, өзінің қайсар мінезімен, білімділігімен, ақ жарқын көңілімен елге сыйлы бола білді.

Еңбек жолында ұлағатты ұстаз атанған жан, бүгінгі күні шәкірттері елімізге қызмет жасап әркез еске алып отыратынына куә болып жүрміз.

Анамыздың жанындағы әкеміздің орны ойсырап, көңіліміз жабырқап жүр. Әкемізге «Алладан мейірім, Пайғамбарымыздан шапағат тілеп, жатқан жері жайлы, топырағы торқа, тәні рахатта, жаны жәннатта болсын»- деп дұға тілейміз.

Сіздің әркез сөздеріңізді еске аламыз баршамыз,

Алшаң басып жүргеніміз  Сіздің ғана арқаңыз.

Бала кезден еш кем қылмай, тәрбиелеп жеткіздіңіз,

Жатқан жерің жайлы болсын, Аллаға үміт артамыз.

 

Бір Аллаға сыйынып біздер үшін,

Көрсеттіңіз  біздерге өмір жолын.

Ізгілікке үйретіп жас ұрпақты,

Қызметтің де әр қырын меңгердіңіз.

 

Болжам жоқ ертеңгіге, алдағыға,

Айла жоқ бұл дүниенің жалғанына.

Ауырып жол тарттың, қайран Әке!

Мәңгіліктің келмейтін сапарына.

 

Арамызда жоқсың сен бір жыл өтті,

Жанымызды сағыныш мұң жүдетті.

Панамыз ең, саялы бәйтерек ең,

Әкеміз ең, ақ пейіл, нұр жүректі.

 

Көнеміз бұл тағдырдың салғанына,

Анамыз аман жүрсін ортамызда.

Жұлдыздай ағып өткен бұл өмірдің,

Бейнеңіз қалды әке санамызда.

Топырағың торқа боп, асқар Әке,

Мекеніңді бұйыртсын жұмақ қылып.

Жаның жәннатта, тәнің рахатта болсын!

Әкеміздің рухына құран бағыштап,  Ақтоғай ауданы, Сарытерек ауылында 2017 жылы 11 тамыз күні сағат 11.00-ден бастап беріледі. Асқа ағайын – туыс, құда – жекжат, әкеміздің  көзі тірісінде қызметтес, дәмдес болған сыйлы азаматтарды, көршілерді шақырамыз.

Ас берушілер:  жұбайы – Мәкіжан, балалары, немерелері, шөберелері.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture