Еске алу Мақсұтбектегі Болатұлы Жанат

Сарытерек ауылының тумасы Руы-Көшкін, Түлкібай, Мақсұтбектегі Болатұлы Жанат кластасымызға жыл толып отыр.

Сенің тірі бейнең болып артыңда қалған  ұл-қызың тұрғанда сені өлді деуге қимаймыз. Сен мәңгі біздің жүрегіміздесің. Жатқан жерің жарық, топырағың мамық болғай!  — деп, мына өлең жолдарын арнаймыз:

Адамға аманатқып жанды берген,

Алла ісіне қарсы келмес ешбір пендең.

Мұсылманда талас жоқ аманатқа,

Жәннаттың дәм-тұзын өлшеп берген.

 

Жәннаттың қазасына сабыр қылдың,

Туысқан, құрбы-құрдас көзін көрген.

Тас түскен жерге ауыр деген,

Раушан, ұл-қызыңа шүкір дегін.

 

Қабыл қылсын ниеттеп берген асың,

Арадан кеткеніне жыл толғасын.

Көзді ашып жұмғанша жылы болды,

Уақыт дөңгелегі зыр қаққасын.

 

Ажалда таңдамайды жас-кәрі деп,

Жәннатта жап-жас еді жастай кеткен.

Артында қалған ұрпақ аман болсын,

Артына аманатқып тастап кеткен.

 

Жылдар жылжи береді сағым болып,

Артта қалған жастық шақ елес болып.

Жәннатты еске алады кластастар,

Өмірге бірге жүрген қонақ болып.

Еске алушылар: кластастары.

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture