Қоңырат мөлтек ауданында саяжай өртке оранды

Қоңырат мөлтек ауданында саяжай өртке оранды. Ағаштан жасалған ғимарат, қоршаудың бәрі күл-талқанға айналды. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеді. Кешкі сағат 8-ге таман қызыл жалынның тұтанғанын көршілер байқап, өрт сөндірушілерге хабарлаған. Оқиға орнына мамандар дереу жеткенімен, жалынды ауыздықтауға бір сағат уақыт жұмсалды. 5 бөлікке бөлінген шарбақ пен ағаштан жасалған сарай толық жанып кетті. Ал, қожайын қалада болғандықтан саяжайға кеш келді.

 

Иван Татьков- ТЖБ Мемлекеттік өрт сөндіру бөлімінің бас маманы

«Өрттің жалпы аумағы 13 шаршы метрді құрады. Үйшік пен қоршаудың барлығы ағаштан жасалғандықтан толық ауыздықтау үшін бір сағаттай уақытта кетті. Сол үшін бөгеліп қалдық. Ал, өрт бөгде адамдардың кесірінен болған.»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать