Қызыларай ауылының тумасы, Балқаш қаласының тұрғыны руы Шекшек, Манарұлы Бекнұрдың дүниеден өткеніне, тал бесіктен, жер бесікке жеткеніне 1 жыл.
Жылдық асы 11 тамыз күні сағат 11.00 — ден Мешіттің үлкен залында беріледі. Асқа ағайын-туыс, құда-жекжат, дос-жаран, ұжымымызды, ауылдастарымызды шақырамыз.
Балалықтың балғын шағын өткізіп, жігітше ер жетіп, оқуын оқып, бір мамандықтың иесі болып, әке-шешемді қуантсам деген арманы орындалмады. Өмірдің қызығы енді басталған шағында тылсымның күші ме, әлде Алланың өлшеп берген ғұмыры ма, ажалға ара тұрар бұл фаниде жан таппадық.
Шаңырағымызды шайқалтып, қабырғамызды қайыстырып, өшпес өкінішке, сөнбес сағынышқа, мәңгі сағымға айналып кете барды. Амал қанша көкірегіміз қарыс айырылып, қанатымыз қайырылып, өзегіміз өртеніп қала бердік. Жас адам өлмесін, жас ағаш сынбасын. Әрбір ата-ана балам деп боздамасын.
Бір жыл болды бастан бақыт ұшқалы,
Қайғы жұтып ата-анаң қан құсқалы.
Бекнұрым-ау, сені алып кетті ғой,
Адамзаттың ажал атты дұшпаны.
Біле ме, бұл тағдырдың пенде сырын,
Ашпайсың бұл өмірдің енді есігін.
Періште боп аталып енді есімің,
Мәңгілік әлдилесін жер бесігің.
Өзің едің жақынға да, жатқа да,
Жақсылықты жасар құрдас-досқа да.
Арамыздан алып кетті өзіңді,
Қарамады қатал өмір жасқа да.
Сенің күлкің ренішті де жоятын,
Сенің сөзің жанға демеу болатын.
Аяулы інім тастап кеттің бəрін де,
Дәл өзіңдей жаныма жақын болар кім?
Бір өзіңсіз жабырқау күй кешемін,
Жұмсақ болсын, алған орын-төсегің.
Жатқан жерің жайлы болғай, бауырым!
Жəннəт болсын орналасқан мекенің!
Сағына еске алушылар: әкесі Манар, анасы Құралай, бауырлары: Әсет-Зибагүл және туған туыстары.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login