Еске алу Бекетайұлы Жандос (достары)

Руы Төре, ардақты досымыз Бекетайұлы Жандостың өмірден өткеніне 40 күн болады.

Бақ жұлдызың ерте сөнді көгіңде,

Қимайтұғын досымыз ең өлімге.

Жатқан жерің жайлы болып, торқалы,

Орның болсын пейіштің қақ төрінде!

 

Осылайша озды досымыз өмірден,

Бірақ бейнең кетпес мәңгі көңілден.

Жолдастарың, ұрпақтарың тұрғанда,

Өшпес ізің мәңгі қалар өмірде.

 

Тау-тастың қыраны едің, еркін ұшқан,

Сүйсініп қарайтындай елің, дұшпан.

Жігіттің сұлтаны едің, дара тұлға,

Батырып кете бардың қара мұңға.

 

«Қимастықтың азабын тартып бүгін,

Жан-жарың, балаларың жүр, жүректің артып мұңын.

Жатқан жерің жан, досымыз, жайлы болып,

Тыныш ұйықта, пейіште шалқып нұрың.

 

Жүректесің мәңгі біздің көңілде,
Жас таусылды көзден біздің төгіле.
Жайлы болсын жатқан жерің, асыл дос!
Самғап жүрші жәннаттың төр көгінде.

Еске алушылар: достары.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture