Руы Тобықты – Ақсақ – Қожантай – Сарғалдақ, Мақашев Нұрланбек Мақұлұлының өмірден өткеніне 40 күн болады.
Қырық күндік асы 8 тамыз күні сағат 12.00-ден бастап «СҰЛТАН БЕЙБАРЫС» мейрамханасында беріледі.
Жақын туған-туыстарға, құда-жекжаттарға, балаларының жора-жолдастарына, жұмыс орындарына, көршілерге және барша танитын жамағатқа хабарлаймыз.
Ақылшы, арқа сүйер тауымыз-ең,
Барады жылжып ағып өмір-өзен.
40 күн болды бұл фәниден өткеніңе,
Нұр жүзің әлі күнге шықпайды естен.
Басшымыз, шаңыраққа тірегіміз,
Өзің деп мәңгі соғар жүрегіміз.
Арадан тағдыр алып кеткенімен,
Сені ойлап үзілмейді күдеріміз.
Ақылыңмен жетелеуші едің өмірге,
Майда сөзің қонымды еді-ау көңілге.
Есейсекте еркелетіп отырдың,
Ұрпағыңның тілеуін тілеп, Тәңірден.
Фото 5
Сағынышпен әр таңды атырамыз,
Көз тартады өзің жатқан атырабыңыз.
Қол жаямыз, дұға қылып еске алумен,
Бақыл бол, торқа болсын топырағыңыз!
Сағыныштан сарғайғанмен мына біз,
Алла ісін құп аламыз, ұғамыз.
Періштелер жер бесікте тербетіп,
Қабыл болсын бағыштаған дұғамыз.
Ас берушілер: балалары, немерелері, шөберелері.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login