Құттықтау Дагилова Сарқыт Ілиясқызы

Аяулы, ардақты, әлемдегі ең қымбатты анашым Дагилова Сарқыт Ілиясқызы бүгінгі 70 жас туған күніңіз құтты болсын!

Беліңіз қайысқанша еңбек етіп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай,  мейіріміңізді төге жүріп күтіп-баптап өсірген ұл-қыздарыңыз өркен жайып, бүгінде бір-бір шаңырақты құрап, өсіп-өнді – ну орманға айналды. Сол үшін ұрпақтарыңыз сізге мәңгі қарыздар. «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» дейді. Алла сізге күш-қуат берсін!

Маматайым, езуіңізден күлкі нышаны кетпесін, тіпті көзіңізден тамған әрбір тамшы жас қуаныш пен шаттықтан тамсын! Жүзіңізден шуақ кетпей біздің ортамызда күліп-ойнап, шаттыққа кенеліп, бақытқа бөленіп жүре беріңіз, МАМА!

 

Деніңізге саулық берсін Жаратқан,
Сен сәулесің жерге нұрын таратқан.
Немере мен шөберені көп көріп,
Дана қарт бол елді аузыңа қаратқан.

 

 

Анашым,  қуанышқа кенеле бер,

Жүзге жет, немереңнен шөбере көр!

Ұрпағына сая боп нұрын төккен,

Бәйтеректей мәуелі көгере бер!

 

 

70 жас – өмірдің бір белесі,

Қуаныш той боп келген мерекелі.

Анажан, құтты болсын мерейлі жас,

Сізбенен біздің әулет берекелі.

 

Т/б: кенже ұлы: Ермек– Таңшолпан, немерелері: Айша, Нұрғиса.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture