Балқаштың қорытынды жаңалықтары 4 тамыз 2017

Гараж артынан өлі күйінде табылған жас қыздың кім екені анықталды. Тіпті кісі өліміне қатысы бар деген күдікті де ұсталды.

Балқашта 16 жасар қызды өгей әкесі 3 жыл бойы зорлап келген. Оны бұл құйтырқы ісі қыз жүкті болғанда ғана анықталған.

Есірткі сатумен айналысқан Балқаш тұрғыны 10 жылға сотталды. Ер адам 14 келі марихуананы өткізіп, пайда таппақ болған.

Балқашта үрмелі камерамен жағадан алысқа ұзап кеткен екі жас жігіт құтқарылды. Оқиға кешке кешкі сағат 6 лар шамасында, бірінші су колонкасындағы жағажайда болған.

Балқашта 25 жастағы монтаждаушы 17 метр биіктіктен құлады. Жас жігіт аман. Бірақ, қазір жағдайы ауыр.

Жасанды бүйрек! Балқашта 30 дан астам тұрғын созылмалы бүйрек жетіспеушілігі ауруына шалдыққан.

Оқуға дайындық! Ертең «мектепке жол» республикалық акциясы бастау алады.

Қаланың көркі үшін арнайы отырғызылған гүлдер сиырдың шөбіне айналуда. Кешке көл жағалауындағы гүлзарларға 4 жануар шабуыл жасап, ондаған өсімдікті жұлып тастаған.

Мәдениет сарайының маңында балаларға арналған алаңның құрылысы басталды. Онда замануи 5 нысан пайда болады.

Балқашта келесі жылы орталық саябақ қайта қалпына келтіріледі. Қазіргі таңда сметалық құжат әзірленуде.

Балқашқа автостоппен ел аралап жүрген ресейлік келді. Бір тиынсыз жолға шыққан саяхатшы 30 күннің ішінде 4 елді аралап шықпақ.

Осы жексенбіде балқаштық «Металлург» өз алаңында «Саран» командасын қабылдайды. 1 айға созылған үзілістен кейін футболдан өтіп жатқан облыс біріншілігінің екінші айналымы басталды.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture