Жүгенсіз жүргізушілер! Осы аптада полицейлер жол ережесін бұзған 5 мотоциклисті жазаға тартты. Екі дөңгелекті көлік иелері арнайы рейд кезінде қолға түскен. Тамыз айында «қауіпсіз жол» акциясы бастау алды. Шара аясында тәртіп сашқылары алдымен байкерлерді тексерген. Екі күн ішінде тәртіп бұзған 5 мотоциклист анықталыпты. Оның 4 жүргізуші куәлігі болмаған. Мұндай әрекеттері үшін олар айыппұл төлеуге міндеттелді. Оның мөлшері 11 мыңнана 45 мыңға дейін. Ал, көліктері айыппұл тұрағына қойылды. Енді тәртіп сақшылары осы демалыс күндері той кортеждерін назарға алмақ. Соған орай тәртіп сақшылары алдын ала ескерту жасайды. Көлік терзесін шығып қарауға, дабыл беруге, жол үстінде иреңдеп жүруге тиым салынады. Тәртіп бұзғандар айыппұлмен жазаланады.
Алмас Қалиашев – жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы
«Көбінде мотоциклистер бас киімсіз, нөмерсіз жүреді. Тәртіпке бағынбайтындардың көбісі жасөспірімдер. Жол апаты да солардың қатысуымен болып жатады. Себебі оларда жүргізуші куілігі жоқ. Жол ережесін білмейді».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login