Балқашта 25 жастағы монтаждаушы 17 метр биіктіктен құлады. Жас жігіт аман. Бірақ, қазір жағдайы ауыр. Оны ауруханаға әріптестері жеткізіпті. Ал қайғылы оқиға Балқаш мыс қорыту зауытында болды. Жеке — меншік ұйым сондағы нысандардың бірінде демонтаждау жұмысын жүргізіп жатқан. Зардап шегуші мердігер компанияның жұмыскері болған. Ол ауруханада екі күн бойы жан сақтау бөлімінде жатты. Дәрігерлердің айтуынша, омыртқасы, жауырыны сынған. Сондай-ақ бас-ми жарақатын алып, көкбауыры үзілген. Соның салдарынан көп қан жоғалтыпты. Балқашта жігітке бірнеше рет операция жасалды. Нәтижесінде ол өздігімен тыныс алып, есін жинаған. Ал, ұшақпен Қарағандыға жіберілді. Оған онда тағы ота жасалады.
Мақсат Нұртазин – травматолгия бөлімшесінің меңгерушісі
«Біз оған мұнда бірнеше рет ота жасадық. Көкбауыры үзілгендіктен, оны алып тастадық. Омыртқасына қатты зақым келген. Сол үшінде жедел түрде Қарағандыға жібердік. Онда омыртқасына ота жасалады».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login