Еске алу Акаев Ерғалы Советұлы

Руы Шомақ, қадірлі күйеу баламыз, қимас бажамыз  Акаев Ерғалы Советұлы  өмірден өткеніне 10 жыл және тірі болғанда  3 тамыз  күні 50 жасқа толар еді…

Амал қанша, сұм ажал ортамыздан ерте алып кетті. Бажамызды  сағына еске ала отырып «топырағың торқа, жаның жәннатта, тәнің рахатта болсын, қабірің иман нұрымен, құран нұрымен нұрлансын!» – деп Алладан тілейміз.

Өтті ағып күзі менен көктемі,

Қайран өмір, бұл жалғанда өтпелі.

Биыл міне, өте шықты 10 жыл да,

Абзал жанның тоқтағалы от демі.

 

Ағайын мен туысты ешқашан бөлмеуші едің,

Ауыр сөзді ешкімге, зілденіп айтпаушы едің.

Қысқа болып ғұмырың жалған мынау дүниеде,

Арманда кеттің көре алмай бала-шаға қызығын.

 

Жарқылдаған ақ көңілің сақталады жүректе,

Сұм жалғаннан бажаларың осы күнді тілеп пе?

Сенің жүріп, басып кеткен жолдарың тұр сағым боп,

Сағыныштан төгіледі көздің жасы ағын боп.

 

Жеткізбеді қатал тағдыр 50  жасқа,

Жүрегіміз мұңға толы, сағынышқа.

Думандатып тойлар едік тірлікте,

Егіліп бүгін қалай еске алмасқа.

 

Жарық дүние жарқ еткен бір жаңғырық,

Өмір осы өте шығар таң қылып.

Орның сенің ойсырап тұр толмайды,

Амалым не, қош бол, Бажа,мәңгілік!

 

Еске алушылар: бажалары: Серік, Серік, Еркін, Сырым, Аман, Мұратхан, Жексембаевтар әулеті.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture