Балқаштық «Металлург» футбол командасы «Саран»-мен кездеседі

Осы жексенбіде балқаштық «Металлург» өз алаңында «Саран» командасын қабылдайды. 1 айға созылған үзілістен кейін футболдан өтіп жатқан облыс біріншілігінің екінші айналымы басталды. Алғашқы кезеңде Балқаш футбол командасы 5 ойын өткізіп, оның екеуінде жеңіліс тапты. 3 ойынды тең аяқтады. Әзірге 6 команданың арасында 5-ші орында келеді. Көш басында «Гефест», «Саран шахтасы», «Абай шахтасы» және « Шахтинск». Екінші айналымдағы алғашқы кездесу осы жексенбіде өтеді. «Металлург» өз алаңында қазір турнир кестесі бойынша 6 орында тұрған Саран қаласының құрамасын қабылдайды. Кездесу мысшылар стадионында сағат 11-де басталады.

Серікбол Бектұрғанов-«Металлург» футбол командасының жаттықтырушысы
«Осы екінші айналымда бізде 5 ойын қалды. 3 ойын өз алаңымызда, 2 ойын сырт алаңда. Бірінші айналымда Саран қаласында бұл командамен 2:2 тең аяқталды. Алдағы жоспарымыз жүлдегерлер қатарында кіреміз деп отырмыз».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture