Балқашта үрмелі камерамен жағадан алысқа ұзап кеткен екі жас жігіт құтқарылды. Оқиға кешкі сағат 6 — лар шамасында, бірінші су колонкасындағы жағажайда болған. Сол аймаққа демалуға барған тұрғындар екі баланың жағадан біраз алыстап кеткенін көреді. Содан бірден құтқарушыларға хабар берген. Мамандардың айтуынша олар жағалаудан 500 метрге ұзап кетіпті. Бірі 16-да, екіншісі 18 жаста. Олар тым алысқа кетіп қалғандарын байқамай қалған. Ал артқа қайтпақ болғанда толқын оларды керсінше ашық көлге айдап әкеткен.
Дархан Қуанбаев-ТЖБ судан құтқару бөлімшесінің басшысы
«Құтқару жұмыстарына 2 құтқарушы және 1 катер жұмылдырылды. Жаңаға екі адам жағадан 500-600 метр жерден табылып, құтқару бөлімшесіне жеткізілді. Камераларды қолдануға тіптен болмайды. Қолданысқа берілетін күкірекшелер бар, құтақру дөңгелектері бар».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login